Қызылордада медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 5 млрд. теңгеден асты

«2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 5,03 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі. Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,7 % немесе 4,9 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,3 % немесе 167,5 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.
