Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы президенттік сайлауға шетелден қанша журналист келетіні айтылды

Қазақстандағы президенттік сайлауға шетелден қанша журналист келетіні айтылды

Қазақстан Президенттігін кезектен тыс сайлауға БАҚ өкілдерін аккредиттеу процесі аяқталды, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ сілтеме жасап. 
 Электоралды кезеңде ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Орталық сайлау комиссиясымен (ОСК) бірлесіп шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелерінде тиісті жұмыс атқарылды.

Жалпы, ҚР СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік корреспондентті аккредиттеді (анықтама: 2015 жылы президенттік сайлауға 168 шетелдік БАҚ өкілі тіркелген болатын). Сонымен қатар, Министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген. 
Шетелдік журналистер сыртқы саяси ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда сайлауды бақылауды жүзеге асыруға құқылы екенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, "Сайлау туралы" Конституциялық заңда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредиттеу туралы куәлікті ұсынған жағдайда аудармашымен ілесіп жүруімен сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін норма бекітілген.
http://today.kz/
06 маусым 2019 ж. 814 0