Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін күн құбылмалы болады

Бүгін күн құбылмалы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 10 маусым күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.

Қазгидромет синоптиктерінің хабарлауынша, жаңбыр жауады, шығыста нөсерлі жаңбыр күтіледі. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерінде найзағай, екпінді жел, дауыл және бұршақ болжанады.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумағында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Кызылорда облысында күндіз кей жерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с артады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының жекелеген жерінде найзағай, дауыл болжанады. Бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қостанай облысының жекелеген аумақтарын тұман басады.
Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші - 15-20м/с.
Павлодар облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұруы ықтимал. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман болжанады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.



10 маусым 2019 ж. 913 0