Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем біріншілігінде қарағандылық паралимпиадашылар 17 медаль иеленді

Әлем біріншілігінде қарағандылық паралимпиадашылар 17 медаль иеленді

Қарағандылық паралимпиадашылар Берлинде жүзуден Әлем кубогының кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Облыс атынан ұлттық құрама сапында үш спортшы өнер көрсетті: Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев және Әлия Раxымбекова. Олар 17 медаль жеңіп алды: бес алтын, төрт күміс және сегіз қола.

Біріншілікке 65 елден көру мүшелері мен тірек-қимыл аппараты зақымданған 500-ден астам спортшы келіп, қатысты.
Наталья Звягинцева қазақстандық құраманың қоржынын 12 медальмен толықтырды, оның ішінде төрт алтын жүлде бар. Қарағандылық спортшы аралас эстафетада және 50, 100, 200 метр қашықтықта жүзуде үздік атанды.

Әлия Рахымбекова эстафетада бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Андрей Афанасьев 50 метр қашықтықта брасспен жүзуде екінші орынды және аралас эстафетада үшінші орынды иеленді.

Спортшылар ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Наталья Манохина, Инга Горбатова, Евгения Ракитинаның басшылығымен шұғылданады.
https://baq.kz
13 маусым 2019 ж. 671 0