Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматының супермаркеттері мен дүкендерінде зиянды қоспалары бар жеміс-жидектер сатылуда

Алматының супермаркеттері мен дүкендерінде зиянды қоспалары бар жеміс-жидектер сатылуда

Мұндай олқылықты тауарлардың сапасын тексерген арнайы мамандар анықтаған. Талаптарды орындамаған сауда орындарының басшыларына қомақты айыппұл салынуда.

Санитар дәрігерлер қаладағы супермаркеттер мен дүкендердегі жеміс-жидектердің сапасын зертханада тексеріп, құрамында зиянды заттардың бар екенін анықтаған. Көбіне шетелден жеткізілетін бақша өнімдерінде кездесіпті. Мамандардың араласуынан кейін құрамында шамадан тыс нитраттары бар өнімдер нарықтан алынған. Егер мұндай тауарлар көптеп қолданатын болса, түрлі іш ауруларын туындатады екен,
"Дүкендерде жеміс-жидектерде нитраттың көбейуі анықталды. Оның ішінде жүзім Чили елінен келген. Магазин Санриде. Шабдалы Қытайдан келген. Біздің Магнум деген супермаркеттерде реализацияда болған. Соның ішінде нитраттардың құрамы анықталған. 50 пайыздан көбірек қосылған", - деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
Ал супермаркеттер желісінің мамандары өнімдерге жабдықтаушы компаниялар жауапты екенін жеткізді. Зертханалық тексеру қортындысынан кейін зиянды өнімдер бірден иесіне қайтарылғанын мәлімдеді. 
"Супермаркетке жеткізілетін тауарлардың сапасына оны жеткізуші жауапты. Олар тауарын сараптамаға өткізіп, өздері сапасына қатысты сәйкестік сертификатын алады. Оны мемлекеттік лицензиясы бар сертификаттау орталықтары береді. Сондықтан қолдарына құжаттары болғандықтан оған күмән келтіруге біздің құқығымыз жоқ. Егер тұтынушылардан шағым болса, немесе осындай тексерулер барысында кемшілік анықталса, барлық тауар оның иесіне қайтарылады", - дейді супермаркет желісінің менеджері Дмитрий Шишкин.
Ал қала көшелерінде жеміс атаулының алуан түрі сатылуда. Олардың сапасын қадағалап, құрамын зерттеп жатқан ешкім жоқ. Қарапайым тұрғындар да бағасы төмен болған соң өнімді сол жерлерден алып тұтынады. 
"Көтерме базардан алып келеміз. Сол жақтан алып келіп үстіне бес-он теңге қосып сатамыз. Бұл жерде тұрғындардан ешқандай шағым жоқ. Бәрі қуанып жатыр", - дейді кәсіпкер Асанәлі Ситқалиев. 
Жемістерді алаңсыз тұтынып жатқан жұрт ағзаға қандай залал келетінінен бейхабар. Сондықтан тауардың қайдан келгені мен құрамын қандай екенін өкілетті мекемелер жиі-жиі жариялар тұрса деген пікірде. 
"Қазіргі уақытта жеміс-жидектерді бізде басқа елдерден әскеледі. Себебі қазақстанда жеміс-жидектер өте кеш піседі. Көшеде кетіп бара жатқан соң адамда қызығушылықпен соны алып, пайдаланамыз. Жегіміз келеді. Бірақ оның құрамында қандай заттар бар екенін білмейміз. Соларды жегеннен кейін бізде көптеген аурулар шығуы мүмкін, немесе ағзамызға зиян келтіруі мүмкін", - дейді тұрғын.
Жалпы мамандар жыл басынан бері 72 мәрте сынама жұмыстарын жүргізіп, техникалық герламентке, сақтау нормалары мен таңбалануына қатысты көптеген заң бұзушылықтарды анықтап, тауар иелерін жауапқа тартыпты. Заңды белшеден басқан кәсіпкерлерге бір миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
14 маусым 2019 ж. 1 165 0