Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді борышкерлердің банк шотынан ақшасын алып қоюға шектеу салынады – Бекетаев

Енді борышкерлердің банк шотынан ақшасын алып қоюға шектеу салынады – Бекетаев

Бүгін елордада ҚР әділет министрі Марат Бекетаевтың xалық алдында есеп беру кездесуі өтті.

"Былтыр министрліктің әзірлеген бірнеше заң жобасы қабылданды. Соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың меншік құқығын нығайтуға бағытталған заң жобасы да бар. Бұл заңға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алған кезде өтелетін сома мөлшері жер учаскесінің нарықтық бағасының негізінде анықталатын болады. Борышкерге кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті 3 ай мерзім ішінде өзіне сату мүмкіндігі беріледі. Баланы күтіп-бағуға арналған алименттік төлем үшін ашылатын арнайы шоттағы қаражатты өндіріп алу талабына тыйым салынады. Қарыз алушы-борышкердің банк оның берешегін төлеу үшін ақшасын алып қоюға шектеу салынады. Енді банк шотында ең төменгі күнкөріс шегіне тең қаражат қалуы тиіс", - дейді Марат Бекетаев.
Оның айтуынша, Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді толығымен электрондық форматқа ауыстырған. 
"Оны тіркеу мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 күнге қысқартылды. Аталған өзгерістер әлеуметтік мәселелерді жедел реттеуде аса маңызды. Заң жобаларын жасауды электрондық сүйемелдеуге бағытталған "Е-заңнама" ақпараттық жүйесі пилоттық режимде қосылды", - дейді министр.
https://baq.kz
14 маусым 2019 ж. 921 0