Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев ҰҚК басшысының орынбасарын қызметінен босатты

Тоқаев ҰҚК басшысының орынбасарын қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК басшысының орынбасары- ҰҚК-ның «Арыстан» қызметінің басшысын қызметінен босатты,

«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің басшысы лауазымынан босатылды», - делінеді өкімде.
Сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметінің бірінші департаменті үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – ҚР Тұңғыш президенті – елбасының қауіпсіздігі қызметінің басшысы міндеттерін уақытша атқарудан, Қайрат Иматұлы Сұнтаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.
http://stan.kz
17 маусым 2019 ж. 1 758 0