Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қауіпсіз деңгей шегінде тұр": Есеп комитеті Қазақстанның сыртқы қарызы туралы

"Қауіпсіз деңгей шегінде тұр": Есеп комитеті Қазақстанның сыртқы қарызы туралы

Есеп комитеті Қазақстанның қарызы қандай деңгейде екенін айтты

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның сыртқы қарызы туралы мәлімет берді. 
«Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қарызы жалпы ішкі өнімнің 60%-нен аспайтын қауіпсіз деңгей шегінде тұр. Банк секторының жағдайы әлсіреген, бұл экономиканы ұзақ ақшамен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Кредиттердің қолжетімділігін арттыруға ұлттық банктің соңғы шешімдері оң әсер етеді деп ойлаймыз», - деді Годунова. 
Есеп комитетінің басшысы 2018 жылдың соңында халықтың несиелерін арттыру есебінен экономиканы несиелендіру жанданғанын айтты. 
«Жеке тұлғаларға берілген несиелер көлемі барлық банктік қарыздардың 40%-нен, экономиканың долларландыру деңгейі 48%-тен асты», - деді есеп комитетінің басшысы ҚР үкіметінің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнінде берген есебінде.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қайрат Мәмидің конституциялық кеңестің жыл сайынғы жолдауын жариялап, Қазақстанда биліктің сабырмен ауысқаны туралы айтқанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, әлеуметтік көмекке мемлекет тарапынан 2,6 трлн теңге бөлінгені белгілі болды.
20 маусым 2019 ж. 691 0