Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды

ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды

Биылғы тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды, ҰБТ-ны биыл ел бойынша 117 мыңнан аса түлек тапсырады. Оның 13 мыңы күні кеше бақтарын сынап үлгерді. Талапкерлерге білім министрі Асхат Аймағамбетов те сәттілік тілеп, емтиханды қалай тапсыру керектігі жайында кеңес берген еді. Телеарнаның мәліметінше, тест сұрақтарының 30 пайызы жаңартылып, қиындай түскен. Тест тапсыратын ғимаратқа кірген сәттен бастап, түлектер одан бетер мазасызданған. Өйткені әрқайсы тыңғылықты тексеруден өтіп, қулықтары әшкере болған. Бірінен шпаргалка, екіншісінен телефон табылған. "Телефон бола ма, шпаргалка бола ма соны пайдаланып үлгеріп, соған қарап нәтижесі өзгеріп отырса, онда ол балаға тиісті шара қолданылады. Аудиториядан шығарылады. Өйткені әділдік болуы керек", - деді білім және ғылым министрі. 53 мыңнан аса гранттың көбі техникалық мамандықтарға бөлінгендіктен, министр түлектерге физика, химия секілді пәндерді таңдауға кеңес берді. Ал емтихан тапсыруға 3 сағат 50 минут берілген. Уақыт өткенше ата-аналардан да жаппай маза кеткен. Айта кетерлігі түлектердің үмітін үкілеп келген ата-аналарға биыл бөлек аудутория бөлінген. Сондықтан олар жылдағыдай далада күннің ыстығында тұрып емес, салқын жерде отырып, балаларының тест тапсырғанын экран арқылы онлайн көре алады. Осылайша ҰБТ-ның алғашқы күні 13 мың түлек тестілеуден өтті. Жалпы 5 шілдеге дейін жалғасатын тестілеуде ел бойынша 117 мың мектеп бітіруші емтихан тапсырады. Ал ұпайына көңілі толмағандар апелляциялық шағым түсіріп немесе тамыз айында ақылы түрде тесті қайта тапсыра алады. Оның құны - 2, 242 теңге
https://kaz.tengrinews.kz

21 маусым 2019 ж. 903 0