Алдағы үш күн ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 22-24 маусымда ауа температурасы ыстық болатынын хабарлады.
"21 маусым күні астрономиялық жаз басталып, ауа райы да тиісінше болуда. Батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32…39°С, кей жерлерде 40…43°С дейін жоғарылайды. Басқа аймақтарда атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағаймен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады. Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23...28, кей жерлерде 30...35°С дейін жоғарылауы күтіледі", - делінген таратылған ақпаратта.
BAQ.KZ
https://baq.kz
BAQ.KZ