Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 7-9 мамырда Қазақстанда күн жылы болады

Қазақстанда 7-9 мамырда Қазақстанда күн жылы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2019 жылдың 7-9 мамырына арналған ауа райы мәліметін ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.«Алдағы үш тәулік бойы қазақстандықтар үшін ауа райы қолайлы болады. Антициклонның әсерінен мереке күндері жылы әрі бұлтсыз болады деп күтіледі. Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы + 22...28°С дейін жылиды, кей жерлерде +30...33°С. Оңтүстік шығыстағы жауын-шашын тоқтап, күн жылынады», - деп хабарлады «Қазгидромет». Синоптиктердің болжауынша, батыс өңірлерде   өткінші жауын жауады деп күтіледі, бірақ мұнда да суық болмайды. Күндіз ауа температурасы + 20...25, кей жерлерде + 26...31°С.
https://www.inform.kz
06 мамыр 2019 ж. 1 321 0