Қазақстанда дәрігердің нұсқаулығынсыз сатылатын дәрілер тізімі кеңейтілмек
Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің нұсқаулығынсыз сатылатын дәрілер тізімін кеңейтпек. Олардың қатарынан дене қызуын түсіретін, гистаминге қарсы және басқа да дәрі-дәрмекті алмақ. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды,
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасының аясында нұсқаулықсыз босатылатын дәрілер қатары кеңейтілмек. Таяуда жарияланған құжат 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін қоғам талқылауында болмақ.
Дәрігердің нұсқаулығымен сатылатын дәрілердің тізімінен ас қорыту жолдарының аурулары мен зат алмасуына, тәбетті ашуға, өт айдауға, іш жүргізуге, қант диабетін емдеуге, жүрек-қан тамырлар ауруларын емдеуге арналған дәрілерді алып тастау жоспарлануда. Сонымен қатар дерматология бойынша сыртқы қолданысқа арналған дәрі-дәрмектің бәрін нұсқаулықсыз сату ұсынылып отыр.
Дәрігердің нұсқаулығынсыз сатуға ұсынылған дәрі-дәрмектің толық тізімі:
Ас қорыту жолдарын және заттардың алмасу ауруларын емдеуге арналған препараттар:
Дәрігердің нұсқаулығымен сатылатын дәрілердің тізімінен ас қорыту жолдарының аурулары мен зат алмасуына, тәбетті ашуға, өт айдауға, іш жүргізуге, қант диабетін емдеуге, жүрек-қан тамырлар ауруларын емдеуге арналған дәрілерді алып тастау жоспарлануда. Сонымен қатар дерматология бойынша сыртқы қолданысқа арналған дәрі-дәрмектің бәрін нұсқаулықсыз сату ұсынылып отыр.
Дәрігердің нұсқаулығынсыз сатуға ұсынылған дәрі-дәрмектің толық тізімі:
Ас қорыту жолдарын және заттардың алмасу ауруларын емдеуге арналған препараттар:
- Н+-К+-АТФаза тежегіштері: омепразол, эзомепразол
- Тәбетті ашатын стимуляторлар
- Антацидті дәрілер
- Прокинетиктер (метоклопрамид, домперидон, цизаприд)
- Адсорбциялайтын дәрілер
- Бүркеуіш дәрілер
- Висмут препараттары
- Биогенді стимуляторлар, өсімдік тектес препараттар
- Секреторлы функцияларды күшейтетін препараттар
- Өсімдік тектес заттарды қоса алғанда гастропротекторлар
- Миотропты ауырғанды басатын препараттар (дротаверин, папаверин гидрохлориді, пинаверий бромид, бенциклан фумараты, мебеверин, отилониум бромид, альверин, бендазол)
- Алмастыратын емге арналған ферментті препараттар
- Өт айдайтын дәрілер
- Гепатопротекторлар
- Іш жүргізетін дәрілер
- Диареяға қарсы дәрілер
- Ішек микробиомын реттейтін препараттар (пребиотиктер, пробиотиктер)
- Энтералды және сыртқа қолдануға арналған дәрумендер, әртүрлі дәрумендер және оның аналогтары
- Толық қанды май қышқылдарының Омега-3, Омега-6 тобынан ішке қабылдауға арналған липид алмасуын реттейтін препараттар
- D дәрумендерінің тобынан фосфорлы-кальций алмасуына әсер ететін препараттар
- Шеміршек тіндеріндегі метаболизмді процестерге ықпал ететін препараттар
- Мукополисахарид құрылымының препараттары
- Шығу тегі жануардан алынатын препараттар
Қант диабетін емдеуге арналған, эндокриндік бұзылуларды түзетуге қолданылатын препараттар:
- Метформин
- Қантты алмастыратын дәрумендер және дәруменге ұқсас препараттар, өсімдік тектес препараттар
Қанның ұюына және қанға әсер ететін препараттар:
- Жергілікті қолдануға арналған гемостатиктер
- Тамыр жақтауларының өткізгіштігін төмендететін препараттар
- Ішке қабылдауға арналған темір препараттары
- Ішке қабылдауға арналған дәрумендер және дәруменге ұқсас заттар
Жүрек-тамыр жүйелерінің ауруларын емдеуге арналған препараттар:
- Органикалық препараттар: глицерин тринитраттар (таблеткалар, капсулалар, май және спирт ерітінділері, ауыз арқылы қолданылатын аэрозолдар)
- Ангиотензин-конвертацияланатын фермент тежегіштері: каптоприл, эналаприл
- Миотропты әсері басым вазодилаторлар: папаверин, бендазол, дротаверин, бенциклан, винпоцетин
- Миокард метаболизміне әсер ететеін препараттар: триметазидин, мельдоний, мексидол, инозин, оротат калий, таурин, левокарнитин, фосфокреатин
- Антиагреганттар: ацетилсалицил қышқылы, пентоксифиллин, дипиридамол
- Несеп айдайтын және антизотемиялық дәрілер ретінде қолданылатын өсімдік препараттары
- Гипотонустық жағдайларда қолданылатын препараттар: бензоат натрий кофеині, никотин қышқылының диэтиламиді (кордиамин), адаптогенде
- Венаның қан айналымы бұзылуы кезінде қолданылатын өсімдік тектес препараттар және сыртқа қолдануға арналған препараттар
- Ирригациялық ертінділер (натрий хлориді, глюкоза)
Дерматологияда қолданылатын препараттар:
- Сыртқа қолдануға арналған барлық препараттар
Жыныс гормондары және несеп жыныс жүйелерінің ауруларын емдеуге арналған препараттар:
- Кортикостероидтермен біріктірілімдерді қоспағанда гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептикалық және микробқа қарсы препараттар
- Левоноргестрел (Постинор)
- Жергілікті қолдануға арналған гормоны жоқ контрацептивтер
- Қынап ішіне қолдану үшін жыныс жолдарымен берілетін инфекциялардың профилактикасы үшін қолданылатын препараттар
- Өсімдік тектес дизуриялық бұзылуларды емдеуге арналған препараттар
- Эректилді дисфункцияны емдеуге арналған препараттар
- Өсімдік тектес қуық асты безінің қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар
Жыныс гормондары мен инсулиндерді қоспағанда тұрақты қолдануға арналған гормондар:
- Сыртқа қолдануға арналған глюкортикоидты препараттары
- Біріктірілген препараттар құрамына кіретін сыртқа қолдануға араналған глюкортикоидты препараттар
Микробқа қарсы препараттар:
- Сыртқа қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар
- Сыртқа қолдануға арналған микозға қарсы препараттар
- Сыртқа қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар және мұрынға қолдануға арналған препараттар
- Қышыманы емдеуге арналған препараттар
- Педикулезді емдеуге арналған препараттар
Ісікке қарсы препараттар:
- Микроб, өсімдік және жануарлар тектес иммуномодуляторлар
Иммуномодуляторлар:
- Микроб, өсімдік және жануарлар тектес иммунды стимуляторлар
- Синтетика тектес препараттар, азол – левамизол, циметидин, бензимидазол туындылары
- Пурин туындылары – инозин пранобекс, гропринозин
- Пирамидин туындылары – метилурацил, диуцифон
- Нуклеин қышқылдарының туындылары – нуклеинат натрий, дезоксинуклеинат натрий
- Полиэлектролиттер – полиоксидоний
Сүйек-бұлшықет ауруларын емдеуге арналған препараттар:
- Салицил қышқылының туындылары –салицилат натрий, ацетилсалицил қышқылы, холин салицилат, салициламид, метилсалицилат
- Пропион қышқылының туындылары – ибупрофен, флурбипрофен, кетопрофен, напроксен
- Фенил сірке қышқылы туындылары – диклофенак, ацеклофенак, этодолак
- Пиразолон туындылары – метамизол
- Оксикамалар – пироксикам, лорноксикам, теноксикам
- Қышқыл емес туындылар – парацетамол
- Селективті тежегіштер ЦОГ-2 – нимесулид
- Сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары кезінде ауырсыну кезінде сыртқа қолданылатын препараттар
- Сыртқа қолдануға арналған миорелаксант препараттары
- Несеп қышқылы диатезін емдеу үшін пайдаланылатын өсімдік тектес препараттар
Жүйке жүйесін емдеуге арналған препараттар:
- Сыртқа қолдануға арналған жергілікті анестезия үшін препараттар
- Салицил қышқылының туындылары –салицилат натрий, ацетилсалицил қышқылы, холин салицилат, салициламид, метилсалицилат
- Пропион қышқылының туындылары – ибупрофен, флурбипрофен, кетопрофен, напроксен
- Фенил сіркесі қышқылының туындылары – диклофенак, ацеклофенак, этодолак
- Пиразолон туындылары – метамизол
- Оксикамалар – пироксикам, лорноксикам, теноксикам
- Қышқыл емес туындылар – парацетамол
- Селективті тежегіштер ЦОГ-2 – нимесулид
- Бас сақинасының ұстамасының ауырсынуын басуға арналған препараттар
- Мелатонин
- Өсімдік тектес ұйықтатуға арналған дәрілер (седативті)
- Өсімдік тектес психикаға әсер ететін стимуляторлар
- Никотинге тәуелділікті емдейтін препараттар
- Ми метаболизміне әсер ететін препараттар
- Аналептикалық препараттар
- Адаптогендер мен жалпы сергітетін заттар
- Бас айналуды болдырмайтын препараттар
Паразитке қарсы препараттар, инсектицидтер мен репелленттер:
- Эктопаразитерді жоюға арналған препараттар (соның ішінде қотыр кенесін), инсектицидтер мен репелленттер
- Гельминтке қарсы препараттар
Тыныс алу жүйесін емдеуге арналған препараттар :
- Опиодты емес жөтелге қарсы заттар
- Қақырық түсіретін заттар
- Жөтелге қарсы заттар
- Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және басқа да препараттар (симпатомиметиктер, мұрынға арналған глюкокортикостероидтар, жуан жасушалар жарғақшасының тұрақтандырғышы, мұрын ауру кезінде жергілікті қолдануға арналған өзге де препараттар)
Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар:
- Сальбутамол
- Тербуталин
- Фенотерол
Жүйелі қолдануға арналған гистаминге қарсы препараттар:
- Біріктірілген дәрілік препараттардың құрамына кіретін I буынды Н1-рецепторларының гистаминды блокаторлары (хлоропирамин, клемастин, дифенгидрамин, мебгидролин, фенирамин, прометазин, квифенадин)
- II буынды Н1-рецепторларының гистаминды блокаторлары (акривастин, диметинден, азеластин, цетиризин, эбастин, лоратадин, меквитазин, деслоратадин, фексофенадин)
- Антигистаминдік және антисеротониндік препараттар
- Жуан тіндердің дегрануляциясын блоктайтын аллергияға қарсы препараттар
Сезіну ағзалары ауруларын емдеуге арналған препараттар:
- Қабынуға қарсы, микробқа қарсы препараттар және олардың жергілікті қолдануға арналған біріктірілімдері
- Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар
- Жергілікті анестетиктер
- «Құрғап қалған көздер» синдромының профилактикасы және емдеуге арналған препараттар
- Мұрынға арналған спрей түріндегі құрамында табиғи минералы және микроэлементтері бар изотониялық стерильді ерітінділер
Өзге де препараттар:
- Құрамында спирті бар тұнба, тұнбалар, шәрбаттар, экстрактілер, бальзамдар
- Этил спирті
- Шілтер жапырақты шайқурайды қоспағандағы өсімдік тектес препараттар.
- https://stan.kz