Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-министр Теңіз кен орнындағы қазақстандық жұмысшылардың қанша жалақы алатынын айтты

Вице-министр Теңіз кен орнындағы қазақстандық жұмысшылардың қанша жалақы алатынын айтты

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы қазақстандық жұмысшылардың жалақысын атады.

«Бізге жергілік атқарушы органдардың берген мәліметі бойынша, 
Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore компаниясындағы жұмысшылардың жалақысы 223 мың теңгені құрайды», - дейді Ақмәди Сарбасов.
Сонымен қатар журналистер Теңіздегі шетелдік жұмысшылардың жалақысы туралы сұрады. Вице-министр еңбек инспекциясының тексеріс нәтижесі шығарылғаннан кейін мәлімденетінін айтты. 
Сарбасовтың сөзінше, еңбек инспекциясы тексеру барысында жалақы аударылуына қатысты бұзушылықтарды анықтаған. 
«Бір мамандықты мысалға алсақ, шетелдік жұмысшының жалақысына қосымша төлемдер қосылған. Мұндай төлемдер қазақстандық жұмысшыларға қатысты қарастырылмаған. Осындай бұзушылықтар анықталып, жұмыс берушіге хабарланды. Тиісті шаралар қабылданады. Нәтижесін кейінірек жариялаймыз», - дейді еңбек вице-министрі.
https://stan.kz
04 шілде 2019 ж. 841 0