Нұрәлі Әлиев сән-салтанатты қайырымдылық кешкі аста әлемнің 50 елінен келген қонақтардың басын қосты
5 шілдеде Нұр-Сұлтанда қайырымдылық мақсатындағы аукцион өтті. Одан жиналған ақша қар барыстарын құтқаруға арналған «Snow Leopard Foundation» халықаралық қорына аударылады,
Гала-кешкі ас Astana Opera ғимаратында өтіп, әлемнің 50 елінен 300 қонақ келді.
Сонымен қатар бүгін қар барыстарын сақтап қалу мәселелеріне арналған жаһандық конференция соңына жетті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Қазақстан алғаш рет 50-ден аса халықаралық сарапшы, дүниежүзілік қорлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар аумағында аталған сирек кездесетін аң мекендейтін 12 мемлекетте қар барыстарын сақтаумен айналысатын ең беделді ғалымдардың басын біріктірді.
Конференция аясында таныстырылым мен мемлекеттердің қар барысын сақтау мақсатындағы трансшекаралық келісімі туралы Меморандумның ғылыми мақұлдануы өтті. Конференцияға қатысушылар қар барыстары жөніндегі бүкіл әлемдік ғылыми және статистикалық базаны біріктіретін бірыңғай ақпарат орталығын құру туралы келісті. Орталық Қазақстанда ашылады.
«Аумағында қар барысы мекендейтін 12 мемлекеттің барлығы біздің бастаманы қолдағанына қуаныштымын. Әр мемлекет біз кездесетін проблемалардың шешімін табуға тырысуда. Алайда қар барысын сақтап қалу мақсаты жалғыз жүзеге асыру үшін, тым үлкен. Сондықтан серіктестік пен өзара әрекеттесу рухы біздің талпыныстарымыздың өзегі болуы тиіс. Тек осылай бірлесу арқылы қар барысын қалпына келтіріп қана қоймай, олардың популяциясын арттыра аламыз деп ойлаймын. Біздің қор мақсатымызға жетуге көмектесуге уәде ететін кез келген бастама мен бағдарламаны қолдауға дайын. Оның ішінде жаңа әрі амбициялы әдістерді сынақтан өткізуге арналған халықаралық алаңдар құру да бар», - дейді Snow Leopard Foundation қорының ұйымдастырушысы Нұрәлі Әлиев.
Лоттардың арасында «Ливерпуль» ойыншылары қол қойған футбол добы (30 мың долларға сатылды) және Эдриан Броудидің картиналары (ол арнайы аукцион үшін қар барысының суретін салған – 450 мың долларға сатылды) бар.
Кеш қонақтарының арасында танымал спортшылар, кәсіпкерлер, әртістер мен модельдер болды.