Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төлем қабілеті төмен халыққа баспана алудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

Төлем қабілеті төмен халыққа баспана алудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтық инвесторларды тартпақ. Қаржылық институттың Қазақстан қор биржасында орналастыратын облигациялары келесі аптадан бастап саудаға түседі,

Бағалы қағаздардың жылдық кірісі  9,5 - 10,5%-ды құрайды.
«Өнім желісін кеңейту мақсатында және алғашқы жарна ретінде баспананың 50% құнын жинау қиынға соғатын халық үшін осы облигацияларды орналастырып отырмыз. Және жыл соңына дейін оны «Әскери баспана» және «Өз үйім» бағдарламаларына жұмсау жоспарда бар», – деді  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», - деді банктің басқарма төрайымы Ләззат ИБРАГИМОВА.
Сонымен қатар, банк өкілдері «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие беру бағдарламасын дайындап жатқанын айтты. 
«Бақытты отбасы» деп аталатын бұл бағдарлама банкке республикалық бюджеттен 50 млрд теңге түскеннен кейін іске қосылмақ.
https://baq.kz
11 шілде 2019 ж. 883 0