Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде белсенді болуы керек - Тоқаев

Әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде белсенді болуы керек - Тоқаев

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желілерде белсенді болуы керектігін айтты

«Қазір интернет дамыған заманда әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші әлеуметтік желілерде белсенділік танытқаны жөн. Ең алдымен, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әрқайсысында халықпен тікелей жұмыс істейтін және кері байланыс жасап отыратын алаңдардың болуы шарт», - деді президент
Тоқаев шенеуніктер әлеуметтік желідегі онлайн-пікірталасқа қатысып, ондағы сұрақтарға жауап беруге болатынын айта кетті.



15 шілде 2019 ж. 1 050 0