Ауданда "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізіледі

Азаматтардың құқықтың сауаттылығын арттырып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін аталмыш акция үстіміздегі жылдың 19-20 шілдесі күндері қаладағы "Қанағат" коммуналдық базарының алдында өткізілмек.
Аудан көлеміндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және көші-қон заңнамаларының сақталуын, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеу, тіркеуден шығару, құжат ауыстыру және айыппұл төлеу салаларына жиі қойылатын сұрақтар бойынша жауап алғысы келетін азаматтарға біздің қызметіміз қашанда әзір.
Арал аудандық полиция бөлімі.