Қызылорда облысында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бұдан әрі облыс әкімі невропатология, психология, дефектология және массаж терапиясы бойынша қызмет көрсететін «Қуаныш» жеке медициналық орталығының ашылу салтанатына қатысты. Орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларды қайырымдылық негізде тегін емдеу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, сапар барысында Шижаға елдімекенінде 100 орындық клуб ашылуына қатысты. Оның құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған еді. Аймақ басшысы тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, ауыл ақсақалдарымен сұхбаттасты.