Биылдан бастап білімін растамаған түлекке диплом берілмейді, - Е. Біртанов

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Ауылға 2000 түлек жіберілсе де, әлі кадр тапшылығы шамамен 30 пайызды құрап отыр. сондықтан алдағы 2 жыл мемлекеттік грантта оқыған медицина мамандарын ауылға жібереміз. Бұл - заңда көрсетілген міндет. Сондай-ақ, енді медициналық университетте жалпы білім алу мерзімі 1 жылға қысқарды. Яғни студенттер жоғарғы оқу орнында 7 жыл емес, 6 жыл оқиды. Министрлік тиімді оқыту жүйесін енгізіп, интернатураның 1 жылын алып тастады. Бұдан бөлек, биылдан бастап білімі расталмаған түлекке диплом берілмейді. Ведомсто болашақ дәрігерлерді тәуелсіз бағалаудан өтуге міндеттеп отыр.
Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Биылғы жылы бітірген 11 түлек өз білімін растай алмады. Енді олар 1 жыл ішінде бұл емтиханды қайта тапсыруға міндетті. Содан кейін ғана дипломдары беріледі. Еңбек нарығына өту үшін қазір қатаң жүйе енгізілген.
А. Бектас
astanatv.kzА. Бектас