Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-министр түлектер таңдаған үздік 5 университетті атады

Вице-министр түлектер таңдаған үздік 5 университетті атады

Биылғы түлектердің арасында ұлттық университеттерге сұраныс жоғары болған.

Журналистер Білім және ғылым министрлігінің өкіліне грантқа өтініш білдірген түлектердің арасында еліміз бойынша сұранысы жоғары болған үздік 5 университетті атауды сұрады.
«Дәстүрлі түрде ұлттық университеттеріміз. Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттері, аймақтық университеттер: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Есенов атындағы Каспий технология университеті, Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті көп таңдалғандардың қатарында. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашылған халықаралық ІТ университетіне, Қазақ-Британ техникалық университеті, техникалық бағыт бойынша ұлттық университеттер арасында Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне сұраныс жоғары болды», - деді білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова брифинг барысында.
Биыл «Алтын белгі» алған түлектердің 1200-ден астамы грантқа түсе алмады. Грантқа түсе алмағандарға қосымша грант бөлінеді. Грант нәтижесімен келіспейтіндер БҒМ-ға өтініш жаза алады.
https://baq.kz
01 тамыз 2019 ж. 1 053 0