Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың Құрбан айтқа неге демалмайтыны белгілі болды

Қазақстандықтардың Құрбан айтқа неге демалмайтыны белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері 11 тамыз Құрбан айт мерекесінің неліктен басқа күнге ауыстырылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз хатшысы Қанат Құлшмановқа сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заң бойынша, қазақстандықтар мереке күндері демалуы тиіс. Ал мереке демалыс күніне түсіп қалса, ол күн келесі күнге ауыстырылады.
"Еңбек кодексінің 84-бабы бойынша ("Демалыс күндері"), Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып саналады. Алайда Құрбан айт ұлттық және мемлекеттiк мерекелердің тізіміне кірмейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген нормалардың оған қатысы жоқ. Яғни Құрбан демалыс күніне - жексенбіге түссе, мереке келесі күнге ауыстырылмайды", - деді Қанат Құлшманов.
Айта кетейік, биыл Құрбан айт 11 тамызға түсіп тұр. Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады. Ал арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді.
08 тамыз 2019 ж. 872 0