Асқар Мамин Қырғызстанға барады

Ведомство мәліметінше, ертең, 9 тамызда Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.
ЕАҮК отырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік және логистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп жоспарланып отыр.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/askar-mamin-kyirgyizstanga-baradyi-300186/