Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан айт қарсаңында Тоқаев сотталған екі азаматқа рақымшылық жасады

Құрбан айт қарсаңында Тоқаев сотталған екі азаматқа рақымшылық жасады

   Құрбан айт мерекесінің алдында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сотталған екі азамат Ярослав Голышкин мен Ерлан Балтабайға рақымшылық жасады. Соттың бас бостандығынан айыру үкімі айыппұлмен алмастырылған. Бұл ақпарат танымал қазақстандық сарапшы әрі экономикалық шолушы Денис Кривошеевтің Facebook парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
   Кривошеевтің сөзінше, журналист пен қоғам қоғам қайраткері өкініш білдіріп, президентке жүгінген.
  "Ярослав Голышкин бопсалаушылық, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде жымқыру бойынша 8 жылға сотталған. Ол өкініш білдіріп және кінәсын толық мойындап, кешірім беруді және рақымшылық жасауды сұрап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінген болатын", - делінген хабарламада.
  Сонымен қатар рақымшылық жасауды иемдену және өзгенің мүлкін ысырап етті деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған Ерлан Балтабай да сұраған.
   Ол да өз кінәсын мойындап, келтірілген шығынды өтеуге дайын екенін айтқан.
   Еске сала кетейік, Ярослав Голышкин павлодарлық "Версия" басылымының бас редакторы болған. Ол ҚК 194 бабы (бопсалаушылық) және 132 бабы (Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту) бойынша айыпталып, 2015 жылы 30 қазанда 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот журналистің мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім кескен.
   Ал Ерлан Балтабай Шымкент қаласындағы "Достойный труд" кәсіпшілер одағы қозғалысының көшбасшысы болған. Оның үстінен 2018 жылы ҚК 189 бабы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) іс қозғалып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
   Ол кәсіпшілер одағына тиесілі 10 миллион 800 мың теңгені жымқырды деп айыпталған. Сондай-ақ, Ерлан Балтабай 7 жылға дейін қоғамдық бірлестіктер мен бейкоммерциялық ұйымдарды басқару құқығынан айырылған.
https://kaz.nur.kz/1810289-kban-ajt-karsaynda-tokaev-sottalgan-eki-azamatka-rakymsylyk-zasady.html
10 тамыз 2019 ж. 728 0