Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фидел Кастромен кездескен аралдық таксист

Фидел Кастромен кездескен аралдық таксист

    Жұмыстан шығып такси тұрағына беттедім. Алдынан орын алып, күн ыстық болған соң адам жиналамын дегенше далада тұрдым.    – Сәл күте тұрайық, адам жиналсын, – деді де «такси, такси автобазға жүреміз» деп біреу даустады да маған қарап:
    – Анау алдымызда тұрған атаны көрдің бе? Жасы сексенге таяп қалған шығар, әлі күнге таксист болып жүр,-деп қысқа қайырды ол әңгімесін.
    Шындығында такси жүргізушісінің айтқан бұл ақпараты мен үшін қызық болды әрі таңқалдым. Өзім жақсы танитын ол кісімен замандас аталарды есіме түсіре бастадым. Қызық, бұл жасқа келіп көлікпен қала кезу дегенің қиын шаруа болар. Себебі ол жастағы жандар үшін көлік айдау былай тұрмақ мініп-түсудің өзі оңай емес қой. Бұл қалай өзі мәжбүрлік пе әлде құмарлық па деген ой болды менде.
    Жақында сол кісімен жолығудың сәті түсті. Бұл жолы еркін тілдесуге мүмкіндік туды. Аты-жөні Қибадулла Жолдасов. Сонау 1940 жылы Көкарал деген жерде дүниеге келген. 1964 жылдан бастап көлік тізгініне отырған қарт таксист қазіргі уақытта да жүрісі ширақ, денсаулығы мықты.
    Ол 1958 жылы Кеңес әскерінің қатарына алынған. Қызығы сол, күні кешеге дейін Куба мемлекетін аттай 50 жыл билеген Фидел Кастромен кездескен. 1958 жылы КСРО дан Кубаға жіберілген әскерлер қатырында болған кейіпкеріміз осылайша теңіз әскері құрамында болып, 4 жыл 8 ай өзінің міндетті әскери борышын Полярни жерінде өтейді. 1964 жылы Куба еліндегі жағдай тұрақтап, билікке Фидел Кастро келген кез еді. Кеңес әскері Кубадан қайтарылар кезде әйгілі Кастро мен Хрушев келіп, әскерлердің қолынан алып, ортақ жеңісімен құттықтаған. Сол әскердің қатарында Қибадулла ата да болыпты. Оны бізге өз естелігінде айтып берді.
   Бес жылға жуық әскер қатарында болып 1962 жылы елге оралған соң Автобазада жүргізушілік оқуын оқып, Құланды совхозына барған. Ол жақта 20 жылдай жүргізуші болып еңбек еткен. Кейін Құланды совхозы Жіңішкеқұм совхозына көшіріліп, кейіпкеріміз жұмыс бабымен совхоз орталығы Жаршағұлға көшіп барған. Ол жақта да фирма шоферы болып 20 жылға жуық еңбек еткен. Өмірінің ұзақ бөлігі жол үстінде өткен қарт жүргізуші жасы 80 ге таяса да әлі күнге көліктен түспеген. Кейін Кеңес үкіметі тарап совхоз, фирмалардың жұмысы қоқтаған соң сол елде тіршілік еткен Қибадулла 2003 жылы Арал қаласына көшіп келеді. Міне, содан бері де 16 жыл уақыт өтіпті, өмірі жол үстіндегі қарт жүргізуші әлі де такси болып, немерелеріне тәтілерін әкеліп беріп жүр.
    Біз де 80 ге келсе де көлік тізгіндеген қарт жүргізушінің бұл қажыр-қайратына разы болдық. Ұл-қыз өсірген Қибадулла ата солардың ортасында шалқып жатуды білсе де, адал еңбекті бәрінен биік қойған. Мұның бәрі мықты денсаулық пен адал еңбектің арқасы болар.
А.Қарасай.
15 тамыз 2019 ж. 1 899 0