Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада енді оқушылардың құжаттары интернет арқылы қабылданады

Қызылордада енді оқушылардың құжаттары интернет арқылы қабылданады

Бұл туралы бүгінгі брифингте Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
1-қыркүйектен бастап 4, 9, 10 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алады. Бұл ретте аталған сынып оқушыларына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алу үшін жергілікті бюждеттен 1,7 млрд теңге бөлініп, 15 баспамен келісім шарттар жасалған.
«Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 10-сынып оқушылары «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сынды жаңа пән оқиды. Бүгінгі таңда бұл мақсатта нақты жұмыстар атқарылды», - дейді Майра Мелдебекова.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылдың тағы бір жаңалықтарының бірі мектептерде ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1-сыныпқа оқуға қабылдау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі автоматтандырылды. Яғни әрбір ата-ана mektep.sitcen.kz ақпараттық жүйесін қолдану арқылы оқушының қажетті құжатын үйді отырып-ақ электронды нұсқада өткізе алады.
https://syr-media.kz/news/11499-yzylordada-end-oushylardy-zhattary-internet-aryly-abyldanady.html


20 тамыз 2019 ж. 841 0