Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманөткелде "3D" ашылды

Аманөткелде "3D" ашылды

    Кіреберістен орын тепкен жаңа ғимарат пен бірнеше кәсіпкерлік нысан ауылдың ажарын айшықтап-ақ тұр.

   Әсіресе, «3D OIL» май құю бекеті назарымызды еріксіз өзіне аударды. Бір қызығы, қазақылық тұнған бұл ауылда дәл осындай атауды жо­лық­тырғанымызда еді. Әңгімелесе келе сыры неде екенін түсіндік. Аталған май құю бекетінің директоры Бағдат Мадалиев:

– Бұл бекет ауыл жастарының бас­та­масымен салынды. Қазір көлік өте көп. Ауылдың көліктері болсын, Аманөткел үстімен өткен жолаушылар болсын май құю бекеттеріне жиі соғады. Сондықтан сұранысқа сай кәсіпті бастауды көздеп, газ және жанармай құю қызметін көрсететін осы нысанды салдық. Ал атауының өзіндік құпиясы бар. Бұл тек менің ғана мүлкім емес, достардың нысаны. Үш дос болып «3D OIL» деп қойдық, былайынша айтқанда,  3 дос дегенді білдіреді, – деп күлді.

Жастар жылын­да ашылған жастардың кәсіпкерлік ны­саны алдынан қазірдің өзінде кө­лік арылмайды.
О.Жолдасов.
20 тамыз 2019 ж. 1 044 0