«Ауыл – ел бесігі»

Елбасының Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырып, осы бағытта қаржыландыру бойынша 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлуді тапсыруы да әсіресе жастарды ауылда ұстап тұруға мүмкіндік беретін игі жұмыстың бірі болды. Сондықтан, ауыл халқы беріліп тұрған мүмкіндікті пайдаланып, кәсібін ашып, жұмысын жандандырса отбасының да берекесі кіреді. Қалаға қарай бет алу да азаяды.
Ал, шағын микронесиелер берілсе, әрбір ауылда шағын жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың жағдайы жақсарар еді. Ол үшін еліміздегі үлгілі ауылдардардың тәжірибесін алу керек.
ауыл тұрғыны