ЖАСТАР. ЕҢБЕК. БОЛАШАҚ» еңбек лагері
Қызылорда облыстық «Jas Otan» ЖҚ Арал аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен«ЖАСТАР.ЕҢБЕК.БОЛАШАҚ» атты ауылдағы бір күндік еңбек лагері болып өтті.⠀Лагердің негізгі мақсаты - жастарды ауылдың тұрмыс тіршілігімен таныстыру, атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсіптің қыр-сырларын үйрету.
⠀Еңбек лагерінің қатысушылары өзара топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды орындады. Ер жігіттер қырықтыққа барып қой қырқып, уақ малдарды суаруды үйренсе, қыздар сиыр сауып, құрт жасаудың техникасын меңгерді.⠀
Лагерь соңында қатысушыларға "Jas Otan" ЖҚ Арал аудандық бөлімінің арнайы сертификаттары табысталды.









