Байқоңырдан ұшқан тұңғыш араб ғарышкері Жезқазғанға қонды (ФОТО)

Ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин, американдық астронавт Ник Хейг және БАӘ-нен Халықаралық ғарыш станциясына ғарыштық ұшудың бірінші қатысушысы Хаззаа Аль Мансури «Союз МС-12» кемесінен Жерге оралды.
- Қымбатты ғарышкерлер, Қазақстанның қонақжай жеріне қош келдіңіздер. Қалыптасқан дәстүр бойынша қарағандылықтар ғарышкерлерді бірінші болып қарсы алады. Біз сіздерді ХҒС 60-шы мерейтойлық миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ғарышкерлерді қарсы алу кезінде.



«Союз МС-12» кемесі ХҒС құрамында болған уақыт аралығында ғарышкерлер «Прогресс МС-11», «Прогресс МС-12», Cygnus NG-11 және Konotouri-8 жүк кемелерін қабылдады, «Союз МС-13» және «Союз МС-15» кемелерінің экипаждарын қарсы алды. Сондай-ақ 22 тамызда жақындастыру және түйістіру жүйесінің ақауларынан кейін станцияға 27 тамызда айлаққа жеткізілген «Союз МС-14» ғарыш кемесімен жеткізілген «Федор» антропоморфты роботымен жұмыс істеді.