Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Апа мына дүниенің бәрі сіздікі» Жанболат анасына қандай сыйлық тарту етті.

«Апа мына дүниенің бәрі сіздікі» Жанболат анасына қандай сыйлық тарту етті.

tolqyn.kz Бүгінде өнерімен өз көрермендерінің сүйіктісіне айналған Жанболат пен Жазира ата-аналарына ерекше құрмет көрсетіп, көпке үлгі болып жүр. Жанболаттың анасы Қалампыр апа олардың қандай сыйлық жасағандығын айтты. 
  – «Апа мына дүниенің бәрі сіздікі» дейді балаларым. Маған ең үлкен сый – балаларымның амандығы. Елдің ортасында бізге жаман атақ әкелмей жүрсе, одан артық сыйлық жоқ. Бірақ Аллаға шүкір деп айтайын, балаларым қандай мереке болмасын құр қол келмейді. Маған бәрін сыйлады. Бағалы әшекейлер, машина, құндыз тон, не керектің бәрін сыйға тартты. Ол үшін балаларыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Олар тұс-тұсымнан келіп құрметке бөлеп жатқанда мерейім өсіп, төбем көкке жеткендей болады, – дейді.
Бұдан бөлек "Анамның ақ жаулығы" атты әнді де өнер иелері аналарының құрметіне арнап жаздырып бейнебаянынан қос анасын түсірген болатын. 
– Жанболат хабарласып, ағаларымен кеңесіп туған жерде түсіремін деп шешіпті. Сөйтіп маған осы бейнебаянға өзініз түссеңіз деді. Әрине келістім. Әрине аз-маз қиындықтар болды. Біз бұрын-соңды мұндайды біле бермейміз ғой. Бірақ балалар «апа жақсы болды, жақсы шықты» деп жатыр өздерінше.Бұл да маған жасаған сыйлықтары ғой, – деген Қалампыр апа өзінің бейнебаянға қалай түскендігін айтты.
Тағы оқыңыз: Жанболат өте тәртіпті болды: Анасы Қалампыр әже Жанболаттың қандай бала болғандығын айтты.
Апамыздың айтуынша балалары Мекке Мадина қаласына сапарын ұйымдастырып беріпті.
Мекке Мадина қаласына өткен жылы Құрбан айт мерекесі қарсаңында бардым. Бұл да балаларымның сыйлығы болатын. "Меккеге барып қайт" деп балаларым барлық қажеттіні әзірлеп берді. Содан сәтін салып барып қайттым. Тап Құрбан айт кезінде бардым. Қасиетті қалада құрбан шалдым. Қағбаны айналып, онда жасалатын барлық жоралғыны жасап шықтым. Жаратқанға елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығын тілеп, құлшылық жасадым. Бір жан-дүнием тазарып, рахаттанып қалғандай болды. Онда адамдар да көп болады екен. Денсаулығым жарамай қала ма, деп қорқып едім. Алла сәтін салып, бәрі ойдағыдай болды. Меккеге бару әрбір мұсылманның арманы ғой. Менің де ойымда жүрген еді. Балаларымның арқасында Меккені де көріп қайттым, – деді ол.
07 қазан 2019 ж. 988 0