Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанболат өте тәртіпті болды: Анасы Қалампыр әже Жанболаттың қандай бала болғандығын айтты.

Жанболат өте тәртіпті болды: Анасы Қалампыр әже Жанболаттың қандай бала болғандығын айтты.

 tolqyn.kz Жанболаттың анасы Қалампыр Ербатырова бүгінде 80 жаста. Ол Арал қаласында тұрады. 10 баланы өмірге әкелген абзал ананың өмірден көргені мен түйгені мол. Оның балалары әр салада абыройлы қызмет етіп жүр. Балаларының өмірдің кез-келген сынына қайыспай қарсы тұруы олардың жастайынан еңбекқор болып өскендігінен дейді Қалампыр әже. Ол біздің газет тілшісіне берген сұхбатында балалары туралы айтып берді.
–Балаларды жастайынан еңбекке үйреттік. Олар әркез біздің қолқанатымыз болды. Қандай жұмыс жасасақ та, қасымыздан табылатын. Содан да болар, еңбекке ерте араласып, мектеп бітірген соң әрқайсысы өз алдына қызмет қуып кетті. Бүгінде бәрі бір-бір шаңырақ болып, берекесі артып, ырысы еселеніп отыр. Бәрі де мектепте жақсы оқыды. Қызы Ақзия мен ер балалары Бақтыбай, Жақсылық, Ерболат пен Нұрболат кәсіпкерлікпен айналысып, нәпақасын тауып жүр. Ал Жақсыбай Алматы қаласында тұрады. Энергетик-инженер болып жұмыс істейді. Өздерің жақсы білетін Жанболат – өнер адамы. Жұбайы Жазира екеуі – халықтың сүйіктісіне айналған әншілер. Қазір кенже ұлым Нұрболат пен келінім Айгүлмен бірге тұрамын, – деді. 
    Тағы оқыңыз: Жанболаттың анасы Жазираның қандай келін екендігі туралы шындықты айтты
Сондай-ақ әңгіме барысында Жанболаттың өзге балалардан ерек болғандығын да тілге тиек етті. 
Жанболат бала күнінде өте тәртіпті болды. Мектепті жақсы оқыды. Үйдегі балалардың ішінде өнер саласын таңдаған да осы Жанболат. Оған мұндай дарын немере ағасынан дарыған. Қайным кезінде домбыраны серік еткен күйші болған екен. Жанболат та бала күнінде әнге жақын болып өсті. Үйде кішкене музыка аппараты болушы еді. Соның төңірегінде жүретін де қоятын. Кейіннен Алматыға жұмыс істеуге кетті. Сонда жүріп Өнер институтына оқуға түсті, – деді. 
07 қазан 2019 ж. 1 481 0