АРАЛДА «SULPAK» АШЫЛДЫ
Бүгін аралдықтар үшін жағымды жаңалық. Себебі, аудан орталығынан еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі «SULPAK» гипермаркетиі ашылды. Арал қаласында орналасқан сауда нүктесінің тұсаукесеріне аудан жұрты көптеп жиналды, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Нарықта 25 жыл бойы көш бастап келе жатқан танымал электроника және тұрмыстық техника сататын «SULPAK» гипермаркетігінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, көпшілікті жаңа сауда орталығының ашылуымен құттықтай келе «Sulpak» гипермаркетін аудан орталығынан ашуға, жерлестері үшін беделді дүкеннің тауарларын тұтынуға, жалпы ірі жобаны жүзеге асыруға ат салысқан жергілікті кәсіпкер Жұбаныш Аманжоловқа ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ауданның құрметті азаматы, ардагер-журналист Ш.Дәрмағамбетов те игі бастамаға ізгі лебізін жолдады.
Одан әрі шара барысында «Sulpak» компаниясының Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша директоры Юрий Голотюк те сөз алып, аралдықтарды Қазақстан бойынша ашылған 122 дүкеннің ашылуымен құттықтай келе бүгіннен бастап 4 күн бойы арнайы жеңілдіктер болатынынын жеткізді.
Атап өту қажет, жалпы алаңы 1200 шаршы метр болатын гипермаркет Қызылорда облысы бойынша ең үлкені саналады. Мәжіліс залы, қауіпсіздік бөлмесі, қойма, асхана орналасқан ғимаратта «Хоумкредит», «Каспий», «Еуразиялық» банк өкілдері қызмет көрсететін болады. Келушілерге барлық талаптарға сай жағдай жасалған.