Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық диқанға министр төсбелгісі табысталды

Аралдық диқанға министр төсбелгісі табысталды

tolqyn.kzСырдағы  еңбек адамдарының "Алтын дән – 2019" мерекесінде марапат биігіне көтерілгендер көп болды. 
Арал ауданы, Ақбай елді мекені «Ақпан» шаруа қожалығының төрағасы Баекеев Ақбай Бахытұлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісіне ие болды.
Аталған шаруашлықтың 
іргетасы1998 жылы Бахыт Баекеев   қаланған. 2004 жылдан бастап әке шаруашылығын Ақбай Бахытұлы жалғап әкетеді. Жыл сайын бау бақша, мал азығын өсіріп отырған шаруашылық оң нәтижеге қол жеткізіп келеді. 
– Мен далада еңбек етіп, қара жерден нәпақа теріп жүрген қарапайым шаруа адамымын. Шаруашылығым өркен жайып жатса, ол да еңбектің арқасы. Шалғайдағы ауыл адамын ескеріп,осындай төсбелігімен марапаттап жатқан ел ағаларына алғысым шексіз, – дейді Ақбай аға.
Оның айтуынша еріндей еңбектенген адам табысқа да құрметке де жетеді деді. Бүгінде ағамыз мал шаруашылығын да қолға алған. Соңғы жылдары асыл тұқымды бұқа өсіріп отыр .
14 қазан 2019 ж. 1 510 0