Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 12 жылдық білім жүйесі қашан енгізіледі?

Қазақстанда 12 жылдық білім жүйесі қашан енгізіледі?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 12 жылдық білім жүйесі қашан енгізілетінін хабарлады дейді massaget.kz
"Бізде 11 жылдық білім беру жүйесі қазір де-факто және де-юре қалпында. Жаңартылған бағдарлама 2015 жылы бекітілген, олар 11 жылдық жүйеге негізделген. Қазір бағдарлама жаңартылып жатыр. Сыныптардың 95%-і ауысты. Бұл процесс келесі жылы толық аяқталады", - деді Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің Үкімет сағаты отырысында.
"Егер біз қазір 12 сыныптық жүйені еш дайындықсыз қабылдасақ, үлкен проблемаға душар боламыз: мектептердің инфрақұрылымына, педагогтарды дайындауға, жаңа кітаптар шығаруға салмақ болады. Ұлт жоспарында жазылғандай, 12 жылдық жүйе барлық сынып жаңа бағдарламаға ауысқаннан кейін енгізіледі. Оған барынша тиянақты ауысу керек. Бала 1-сыныпқа барғанда 12 жыл оқитынын білуі тиіс. Бұл жүйе шамамен 2021 жылға қарай қабылданады", - деді министр. 


21 қазан 2019 ж. 1 445 0