Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 13 желтоқсанға арналған ауа райы

13 желтоқсанға арналған ауа райы

   baq.kz Жұмада солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республиканың кейбір аумағында жауын-шашын болады, ал кей жерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі. Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.
Республикамыздың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.
Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.
13 желтоқсан 2019 ж. 557 0