Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 12 желтоқсанға арналған ауа райы

12 желтоқсанға арналған ауа райы

   baq.kz "Қазгидромет" РМК 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерінде жауын-шашын болады. Тек Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысында ғана антициклонның ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады. 

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы облысының бірқатар аумағында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы ықтимал. 

Түркістан облысының басым бөлігінде тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
12 желтоқсан 2019 ж. 597 0