Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 20 ақпанға арналған ауа райы

20 ақпанға арналған ауа райы

  baq.kz 20 ақпан күні республиканың солтүстік, орталық және шығысында құбылмалы күн райы сақталып, кей жерлерде қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, түнде 23-28 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болжанады, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с артуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман болады, желдің күші 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде жел 18 м/с бұрқасынмен бірге күшейеді.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
20 ақпан 2020 ж. 807 0