Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы аумағында халықпен кері байланысты орнатуды қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылдың17 және 18 шілде күндері аралығында Арал қаласы, К.Ерімбет көшесі, №67 үйде орналасқан Арал аудандық ХҚКО ғимаратының жанында "Жолда қабылдау акциясы" өткізілуде.
Арал ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі А.Утегенов, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Н.Тасқынбаев, Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ж.Куйлишев және бөлімнің көші-қон қызметі тобының, әкімшілік практика, потрульдік полиция, жол және техникалық инспекциясы тобының қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап беруде.
Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, аудан көлемінде жол жағдайына байланысты жол белгілерін қою, жол көлік оқиғаларының алдын-алудағы қызметтері жөнінде, азаматтарды есепке қою, Армения мемлекетінен сатып алынған көлік құралдарын Қазақстан республикасының тіркеуіне қою жөнінде, жеке куәліктерді алуға байланысты туындаған сұрақтар бойынша және де полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
Арал ауданының полиция бөлімі.
17 шілде 2020 ж. 796 0