Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Коронавирус індетінің таралу қарқыны бәсеңдемеуі салдарынан ауданымызда эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде.

Індетпен күрес ешкімге оңайға соқпайтыны белгілі. Сондықтан да әрбір тұрғын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Дәл қазіргі індеттің алдын алып, оны тоқтату ең алдымен өз қолымызда.

Алдымен көпшілік жиналатын отбасылық салт-дәстүрлер аясында өткізілетін жиын-тойлар мен (үйлену тойы, қыз ұзату, құдалық) құдажол, садақаларды шектеуіміз керек.

Ауданда карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған мобильді топ күшейтілген түрде рейд шараларын жүргізуде. Мобильді топ құрамын ашық түрде назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сіздерден сұрарымыз, қандай да бір көпшілік шоғырланатын жиын-тойлар өтетіні жөнінде ақпарат білсеңіздер мобильді топ мүшелеріне хабарласыңыздар.

Бір-бірімізге жанашырлық танытып, қауіпті дертпен бірге күресейік. Өңірімізде ахуал тұрақталып, қалыпты жағдайдағы өмірімізге оралғанша той жасамауларыңызды сұраймыз.

Карантин режимінің талаптарына құлақ аспай, қарапайым қағидаларды сақтамау - қоғам үшін қауіпті екенін естен шығармайық.Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

01 тамыз 2021 ж. 1 916 0