Жер кезегінде тұрған азаматтардың назарына!
Арал қаласының аумағынан 2008 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған азаматтардың назарына!
Арал қаласы бойынша 2008 жылы жер сұраған 393 азаматтардың өтініші есепке алынған. Оның ішінде, ағымдағы жылы Арал қаласының су және электр желісі жүргізілген аймағынан жерге орналастыру схемалары жасалып, 01.01.2008 – 18.06.2008 жылдар аралығындағы кезектілік тізімге алынған 240 өтініш иелеріне жер учаскелерін табыстау жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына сәйкес 119 азаматтан өтініш түсіп, оның ішінде 103 азаматқа уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелері табысталды. Осыған орай, Арал қаласы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасының Жер заңнамаларының талаптарына сәйкес қалған кезектілік тізімдегі 121 азамат жер учаскесіне құқық алуға өтініш беру қажеттігін хабарлайды.
Ескерту: кезектілікпен жер алу мәселесіне қатысты туындаған сұрақтарыңыз бойынша («Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ ғимараты /Арал қаласы, Астана көшесі №35, № 6 бөлме/) 2-21-00, 2-29-97 телефондары арқылы хабарласып білулеріңізге болады.
Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ