Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына сәйкес, үйлеріңіздегі үй жануарларын Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар) және үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа) ұстауға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар, үй жануарларын сорлы аумақтарға, қала сыртына, қала аумағына босатып жібермей, Арал аудандық ветеринариялық станциясына тапсыруларыңыз сұралады. Бұл өз кезегінде қаңғыбас үй жануарларының азаюына және адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуіне көмегін тигізеді.

Мұнымен қоса, ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» енгізілген Заңына сәйкес, жануарларды ұрып соғуға, оларға қатыгездік көрсетуге тыйым салынатындығын және қаңғыбас иттердің жансыздандырылмайтындығын назарларыңызға саламыз.

Мекен-жай: Арал қаласы, Бекмырза хан көшесі № 6 үй.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8(72433)2-12-10

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

10 маусым 2022 ж. 4 345 0