Жинақылыққа бәріміз жұмылайық!
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1650631418_25.jpg)
Десе де қала бойынша көшелердің тазалығын сақтауда қала әкімдігі мен "Қуанышбек" ЖШС және "ARDANA-GRUPP" ЖШС-ның қызметкерлері күнделікті тиісті жұмыстар жүргізуде. Ендігісі қала тұрғындарының өз қолдарында. Қолайлы өмір сүруді қамтамасыз ету мен экологиялық ахуал тудыратын жағдайларды болдырмау билікті ғана емес, бұқараны да ойлантуы керек. Кейбір тұрғындардың бейберекет шығарған қоқыстары қала көшелерін ластап жататыны анық. Осы орайда аудандағы желді ауа райын ескере отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды ашық түрде тастамауы қажет.
Алайда қала тұрғындарына қаншама ауызша ескерту және түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен, әлі де болса белгіленбеген орынға қоқыстар тасталуда. Сонымен қатар қалада сор көлдер маңындағы көше тұрғындары сор жиегіне қоқыс таутаудан тыйылмай келеді. Бұл әрекеттерден ауызша ескертумен ештеңе шешілмейтініне көзіміз анық жетіп отыр.
Мәдениеттілікті мәжбүрлеп қалыптастыруды көздеп отырған жоқпыз. Бірақ еткен еңбек бағалануы керек. Сондықтан алдағы уақытта ортақ пайдаланылатын орындарға, саябақтар мен аула сыртына, оның ішінде белгіленбеген орынға коммуналдық қалдықтарды тастаған тұлғалар анықталған жағдайда әлеуметтік желі және аудандық "Толқын" газеті арқылы халыққа жарияланып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынатындығын білдіремін. Сондықтан ауладағы немесе қоқыс жәшігіндегі қалдықтарды жоғарыда айтылған "Қуанышбек" және "ARDANA-GRUPP" ЖШС мекемелері арқылы белгіленген орынға тастатуларыңызға болады.
Е. ТӘЛЕКЕНОВ,
Арал қаласының әкімі