Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Арал ауданына жұмыс күші тапшы Солтүстік өңірлерден жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында, ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аймақтық ұтқырлығын ынталандыру үшін Абай, Қостанай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан жұмысшы тобы келуі жоспарлануда.
Осыған орай, үстіміздегі жылдың 20 сәуірі күні сағат: 11:30-да аудандық мәдениет үйінде халықпен кездесу өткізілетіндігін хабарлай отырып, қатысуға шақырамыз!
Ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары мен ерікті түрде қоныстанушыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы толыққанды ақпараттар ұсынатын болады.
Қосымша сұрақтар бойынша «Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің 8(72433) 2-46-54, 2-45-88 байланыс телефонындарына хабарласуларыңызға болады.
Облыстар бос орындар саны:
1. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 204
2. Қостанай облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 529
3. Солтүстік Қазақстан жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 568
4. Шығыс Қазақстан жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 772
5. Абай облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 710
6. Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 118
Барлығы 2901 жұмыс орны
Өткізілетін орны: Арал аудандық мәдениет үйі
Уақыты: 20 сәуір, сағат 11:30

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
20 сәуір 2023 ж. 710 0