ЕСКЕРТУ:АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! Аудан аумағында ауа-райының күрт өзгеруіне және жауын-шашын салдарынан мұз қатуына байланысты Өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігі үшін көлік қозғалысы кезінде сақ болып, алыс сапарларға шығуға барынша шектеу қоюларыңызды сұраймыз!
Мұндай ауа райында көлік құралын басқару қиындап, жол көлік оқиғаларының болу ықтималдығы артады. Сондықтан жауын салдарынан жол үстінде болатын көктайғақта жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты арттырмай, қашықтықты, жол белгілерінің талаптарын орындаңыздауға шақырамыз!










