Қауіпсіздік – басты назарда
Ағымдағы жылдың наурыз айының 26–29 аралығында Арал ауданы Полиция бөлімімен «Қауіпсіз үй» тақырыбында іс-шара өткізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін кеңінен насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру.Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындармен және жасөспірімдермен кездесулер өткізіп, қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Атап айтқанда, үйдегі өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын дұрыс пайдалану, балалардың қараусыз қалмауы сияқты маңызды мәселелерге ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға пайдалы кеңестер берілуде.Шара аясында балаларға арналған танымдық кездесулер ұйымдастырылып, оларды сақтыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу көзделуде. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы – қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да мұндай алдын алу шараларын тұрақты түрде өткізіп, халықпен тығыз байланыс орнатуды жалғастыра бермек.
Арал аудандық полиция бөлімі










