Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі

Хабарландыру

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Сіздерді 19 сәуір күні аймағымызда«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтетін «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық - егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясына қатысуға шақырамыз!

Туған жердің әрбір қасиетті орны ұрпаққа аманат. Сол аманатқа адал болу бәріміздің ортақ парызымыз.
Өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді, киелі орындар мен қорымдар аумағын таза ұстап, өскелең ұрпаққа үлгі болайық.
Барша сырбойылықтарата-баба рухына тағзым ететінортақ іске үлес қосып, маңызды шараға белсенділікпен қатысады деп сенеміз!
17 сәуір 2026 ж. 63 0