Аудан тұрғындарының назарына!
Ағымдағы жылдың 21 наурызында аудан көлемінде тазалық акциясы ұйымдастырылады. Барша аудан тұрғындарын төңірегіміз бен тұрғын үй аумағын қоқыстар мен керексіз заттардан тазартуға бағытталған шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз, ол әрдайым таза тұруы қажет. Сондықтан да, экологиялық тазарту шарасына қатысып, өз ауламызды, көшемізді, ауылымыз бен қаламызды таза ұстауға, табиғатты аялауға бірге атсалысайық !
Туған өлкенің тазалығын сақтауда белсенді болайық!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі