Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

8 және 9 маусым күндері елорданың бірнеше жерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Азық-түліктердің бағасы нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен болады,

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі «Қазақстан» спорт кешені аумағында, Сауран көшесі, 7А мен 5 үйдің арасындағы алаңда, сондай-ақ, Қосшығұлұлы көшесі, 14 және 189 көшесі, 5 мекенжайында өтеді. 

"Жәрмеңкеде Нұр-Сұлтанның, Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысының, Қостанай облысы Арқалық қаласының және өзге де өңірлердің шаруалары, тауар өндірушілері, фермерлік шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынады. Келушілер жеміс-көкөніс өнімдерін, ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), нан-тоқаш өнімдерін, Тараздан жасалған шұжықтарды, Атыраудан жеткізілген жаңа мұздатылған балықтарды және тағы басқаларын қолайлы бағамен сатып ала алады", - делінген таратылған ақпаратта. 

Барлық жәрмеңкеде тексеру таразысы орнатылады. Ал мұндай іс-шаралардың жұмысын жетілдіру үшін әрбір келуші пікірін шағымдар мен ұсыныстар кітабына жазып қалдыра алады. Сонымен қатар, әкімшілер келушілердің ыңғайлылығы үшін сапалы қызмет көрсетуді қадағалау мақсатында сауда орталығын аралап жүреді.
05 маусым 2019 ж. 1 092 0