Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 18 шілдеге арналған ауа райы болжамы

18 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстікте, орталықта және шығысыңда атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбырмен бірге найзағай жарқылдап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктің кей жерінде түнде және таңертең тұман болады. 
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. 
Павлодар, Қарағанда, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. 
Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі. 
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанда, Ақтөбе облыстарыңда қатты ыстық, кей жерінде өте қатты ыстық күтіледі, Жамбыл, Атырау, кей жерде Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарыңда қатты ыстық күтіледі. 
Қызылорда, Түркістан, кей жерде Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz
18 шілде 2019 ж. 656 0