Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді
Қызылорда облыстық сотының төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, 29 наурыз 2018 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өтеді.
«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.
Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі